Резорт действительно неплохой 👌🏻 Если вы ищите уединения и спокойствия, то очень рекомендую. Тихо, уютно, приветливый персонал. Расположение отличное, со своим выходом к пляжу. И вместе с этим недалеко ночной маркет, рестораны, спа, кофейни! Цена на проживание совсем небольшая, ещё при этом дважды предоставляют трансфер: от и до аэропорта, плюс бесплатный завтрак и шезлонги на пляже. Завтраки нормальные, соответствуют стоимости. В общем 3 звезды оправданы
•Балконнан қарағандағы көрініс керемет! Теңізге қараған тап-таза, жарық бөлме.•Екі аттам жерде кафе, массаж салондары, дүкендер бар.•Фукуоктағы туритстердің ең сүйікті дүкені Кинг-Конгқа таксимен 5-7 ақ минутта жетесіз, бағасы 400-500 теңге, барарда жаяу жүруге де болады,әңгімелесіп ,асықпай.•Қонақ үй 1 ші жағалауда орналасқан, өзінің жеке жағажайы бар, орамалдары үнемі таза, тек бір өкініштісі жататын төсектері аз, бірақ бұл жақсы демалуымызға еш кедергі келтірген жоқ. Жағажайдағы кафесі керемет. Тапсырған тамақтарымызды әдемі безендіріп әкеліп берді, 2 адамға бар-жоғы 10 мың теңгеге шықты , ең бастысы дәмді болды😋. Авокадодан жасаған соустары ерекше!•Әдемі көрініс, дәмді тағам , отпен шоу барлығы бізге ерекше көңіл-күй сыйлады.• Қызметкерлері өз ісін 100% жақсы біледі, не сұрасаң да айтып, түсіндіріп береді. Қонақ үйден шығар күні қолма - қол ақша қалмаған соң ресепшнге айтып едім , ол таксистке айтып түсіндіріп, таксист жолда банкоматқа тоқтап ақша шешіп алғанша күтіп тұрды. Сол үшін көп рахмет!• Ресепшндағы ұлдар менің ұлыммен Қол беріп амандасып үйреніп алыпты, күнде көрген сайын 🤝 осылай амандасады, соны қызық көріп, мәз болады 😊. Не сұрасаң да айтып, көмектесуге дайын тұрады, қашан қарамасаң күліп жүреді.Басқа адамдар жазыпты қызметкерлер дөрекі деп, мен ондай нәрсе байқамадым.•Таңғы астары өте дәмді, иогурты ерекше дәмді барып жатсаңыздар ішіп көріңіздер😊. Тек Жемістері аздау және сусын 3 ақ түрі бар , басқа гостиницада болғанда таңғы асқа Mango Shake ( Smoothie) берген болатын. Мұнда ондай жоқ екен.• Бассейндері тап-таза. Арнайы адамдар қарап жүреді, егер көмек керек болса тез жетіп келеді. көлеңке керек болса шатырды ашып береді. Суға түсетін жабдықтары бәрі бар.Тағы бір Ең жақсы әсер алғаным, қайтар күні менің рейсім таңғы 9 да болғандықтан ерте шығып кету керек болды, таңғы ас ішіп отырғымыз келмеді, ресепшндағы қыз бен ресторандағы қыз бізге қарнымыз ашып қалмасын деп арнайы қорапқа өзіміз қалаған таңғы асымызды салып берді.